2010-2011 оқу жылында кафедра негізінде жаңа мамандық ашылды: 5В012300 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану». Аталған мамандық бойынша алғаш рет білімгерлер жинақталып, жыл сайын қабылдау жүргізіліп жатыр. Бұл мамандық бойынша кадрларды дайындауда оқытудың күндізгі және сырттай бөлімдері қарастырылған. Аталған мамандық бакалавры іс-әрекетінің нысанасы болып: - мемлекеттік құрылымдар (ҚР балалар құқығын қорғау комитеті, облыстық балалар құқығын қорғау департаменті); - әлеуметтік бағытты мекемелер (әлеуметтік қамтамасыз ету, қолдау және жұмыссыздарға көмек беру, жұмысқа жарамсыз, жұмысқа жарамдылығы шектелгендерді қолдау ұйымдары); - мемлекеттік және жекеменшік білім беру мекемелері (мектепалды ұйымдар, мектептер, балалар үйі, интернаттар, арнайы мекемелер); - мектепте әлеуметтік педагог қызметін атқарады және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі болып табылады.
Hide player controls
Hide resume playing