Бұрынғы заманның ертегілері ерте-ерте ертеде, ешкі жүні келтеде, - деп басталатын. Қазіргінің ертегісі тегін бензин, тегін жолақы, тіпті кредитті басыбүтін кешіреміз, - деп басталады. Әдетте үлкендер балаларға айтатын. Қазір балалар үлкендерге айтатын сыңайлы. Қазір билік партиясы келер жылғы сайлаудың қамына қазірден кірісіп, ел тарихында бұрын-соңды болмаған праймериз технологиясын қолға алып жатыр. Әсілінде бұл өте жақсы бастама. Саяси ұйым өз ішінен дарындылар мен қарымдыларды іріктеп алады. Тек, топ жаруы тиіс үміткерлерің әлеуметтік желілерді жарып жатыр. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing