Халықаралық “Жасыл көпір“ экологиялық форумында Атырау қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Бектайыр Төлешов үздік ғылыми жобалар секциясында І-орынды жеңіп алды. Осыған орай Бектайыр облыстық “Қазақстан Атырау“ телеарнасында болып тілшілерге сұхбат берді. Ол топырақты мұнай қалдықтарынан тазартатын роботты құрастырып шығарған. Өз қолынан шыққан тың туынды туралы сыр бөлісіп, роботтың қалай жұмыс жасайтыны туралы да көрсетіп берді. Бектайырдың жобасы болашақта өндіріске енеді ме? Бұл роботты құрастыруда қандай ұстанымдар негізге алынған? Ол туралы сіздерге толығырақ жоба жетекшісі Рақымжан Қосанов “Атырау таңы“ бағдарламасында дәл қазір айтып бермек.
Hide player controls
Hide resume playing