Иран Тегеран әуежайы маңында украиналық ұшақты әскерилердің “қателесіп“ атып түсіргенін мойындап, “бұл адам факторынан болған апат“ деді. Бүгін таңда Иран қарулы күштерінің бас штабы ұшақ “құпия әскери орталығына“ қарай бағыт алғандықтан оны “жау нысаны“ деп ойлап қалғанын айтты. АҚШ-пен қарым-қатынастың ушығуына байланысты сарбаздар “соғысқа дайын“ отырды.
Hide player controls
Hide resume playing