АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР 15 ақпан Ауған жерінен Интернационалист жауынгерлердің шығарылғанына 30 жыл толуына орай Жастар ресурстық орталығы және Қандыағаш қалалық №3 ЖББМГ ұйымдастыруымен ардагер ағаларымыздың құрметіне «Ауғанның асуында от кешкендер» атты мерекелік шара өтті. Шара қонақтары ретінде Ауған соғысының ардагерлері Жаңбырбай Сағынтаев, Қасым Боранбаев, Болат Маханов және мектеп директоры Гүлнар Нұртаева шақырылды. Ауданымыздағы ардагерлердің ауған соғысында көрсеткен ерліктерін еске алу мақсатында өткізілген кездесуге барлық мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Шара барысында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ардагелерімізге арнап ән, би және әскери дефиле орындалды. Ардагерлер жастарға тілектерін айтып, әлемде ондай соғыс болмай, тек бейбітшілік, тыныштық болсын деп тіледі. Шара соңы бастауыш сыныбының «Әрқашан күн сөнбесін» әнін хормен орындауымен аяқталды.
Hide player controls
Hide resume playing