Біз «Қайырымдылық эстафетасына» қосыламыз, сіз де қосылыңыз. Халқымыз “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Біреуге жақсылық тілеу, қолдан келіп жатса жақсылық жасау, адам өмірін мәнді де мазмұнды ететіндігі сөзсіз. Себебі әрбір жақсылықтан жанымыз жадырап сала береді. Егер адам басқаларға жақсылық жасап, қиын кезеңде мейірімін көрсетсе, ол да оған керек сәтте жанашырлық танытады. Күнделікті өздерінің қайырымдылық шараларымен көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі және басқа да мұқтаж жандарға көмектесіп жүрген арамызда көптеген жаны жайсаң, жомарт, абзал жандар бар. Олар жайында бірі білсе, бірі білмей жатады. Жақсы адамдардың құптарлық ісі өзгелерге үлгі болсын деген мақсатпен біз сіздерден #ЖақсылықЖаса, #ДелайДобро, #менЖақсылықтыТаңдаймын, #яВыбираюДобро хэштегтерімен естіген, көрген, білген, жасаған ең қарапайым немесе ауқымды игі істеріңіз жайындағы посттарыңызбен бөлісулеріңізді сұраймыз. Мұқтаж адамға қолұшын созған жандардың жасаған жақсылығының шарапаты өзіне, жақын туыстарына, е
Hide player controls
Hide resume playing