Оңтүстік Қазақстанға жасаған сапары аясында Н.Назарбаев пен Р.Ердоған Түркістан шаһарында бой көтерген 2 мың орындық жаңа мешітті аралап көрді. Сонымен қатар, бауырлас елдердің басшылары дін өкілдерімен және жергілікті тұрғындармен кездесті. Қос ел басшылары мешіт құрылысын жүргізу жөніндегі келісімге 2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы аясында қол қойған еді. Жалпы аумағы 2 гектарды алып жатқан мешіттің құрылысы Түркия Республикасы тарапынан қаржыландырылды. Ғибадатхана мұнарасының биіктігі
Hide player controls
Hide resume playing