2016 жылдың 5 ақпан күні ауа-райының қолайсыздығынан, яғни боран соғып, қатты жел тұруына байланысты Ақсу-Аюлы-Қарағанды күре жолы таңертеңтен жабылды. Осыған орай Ақсу-Аюлы ауылы бойындағы автожолда 100-дей жүк көлігімен қатар 3 жолаушылары бар автобустың жүруі тоқтатылды. Ауданның ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығының қызметкерлері жолаушылар тағдырына бей-жай қарай алмады. Аталған бөлім қызметкерлері барлық жүк көліктері мен автобустарды қамтымаса да 50 жүк көлігінің жүргізушілеріне қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Атап айтқанда қазақтың қонақжайлылығын көрсету мақсатында бауырсақ пен шелпек жəне сусынды тегін үйлестіріп берді. Қайырымдылық көрсетілген жүк көліктерінің жүргізушілері өз ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.
Hide player controls
Hide resume playing