15 маусым күні Бұқар Жырау атындағы Шахтинск орталық қалалық кітапханасының оқу залының кітапханашыларжазғы оқу залы бойынша Салауатты өмір салты тақырыбында қалалық саябақ демалушыларымен науқан өткізді. Мектеп оқушыларынан және басқа да қала тұрғындарынан құралған оқырмандардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралының бірі – науқан. Шараға қаладағы мектептердің, колледждің және мекемелерінің қызметкерлері өз еріктерімен қатыса алды. Қаланың орталық саябағында кітапханашыларымен бірге шарамызға оқу залының тұрақты оқырмандары ерекше ат салысты. «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» деп ұран тастаған кітапханашылар барлық қала тұрғындарын салауаттылыққа шақырады. Белсенді өмір сүруге әрқашан қолдау бар екендігін барынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл әрі жастарды, кейінгі буынды толғандыратын мәселе. Ал акция соңында тақырыпқа сәйкес ұйымдастырылған “Өзіңе өмір сыйла“ атты көрмеге назарларын аудартады. Акцияны өткізу барысынлағы көрмеге аса көңіл бөлінді, оның ішінде тамақтануды ұйымдастыру, медициналық және киім – кешекпен қамтамасыз ету, санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау, сонымен қатар күнделікті адамзат пайдалануға үйреніп қалған дәріханалық дәрі-дәрмектер, жеміс-жидектер, адамзаттың дәрі-дәрмекке тәуелдігінен құтқару мақсатында жасалған жұмыстары мәселелері бойынша пайдалы ақпараттарға толы кітаптар мен мерзімді басылымдары назарларына ұсынылды.
Hide player controls
Hide resume playing