Достар, біздің банктің цифрлы технологиялары туралы айтып беретін видеороликті көріп шығуды ұсынамыз. Әңгімемізге арқау болып отырған бұл шешімдердің бәрі ортақ бір мақсатқа ие, ол – клиентке ыңғайлы, жылдам әрі сапалы сервис көрсету. Өткен аптада Баспана.kz атты жылжымайтын мүлік порталын таныстырғанымызды еске сала кетейін. Бұл ресурс клиенттерімізді, құрылыс жүргізушілер мен мемлекеттік органдарды бір жерде біріктіріп отыр және өзіңізді қызықтырған құрылыс нысанын таңдап, мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін өтінім жіберіп, ұнатқан пәтерін алдын-ала белгілеп қоя алады. Портал сілтемесі: http://баспана.kz
Hide player controls
Hide resume playing