Шымкент қаласы, Ордабасы алаңы, бейбіт митинг. Митинг деген шамамен осындай болу керек, халық жиналып, басшыларға өз наразылықтарын айтып, олардан жауап алу. Мейлі олар аз болсын, мейлі мұны жарияламаған себептен аз ғана адам жиналсын, керек десеңіздер мына видеода жиналған халықтың айтар ойы да жинақы емес, әркім, әрнәрсені айқайлап жатыр, бұл тек адамдардың стихиялы түрде, ұйымдаспай жиналғанын көрсетеді, полиция қызметкерлерімен қыспаққа алынған ортада дегенмен де діттеген мақсатқа қол жеткізілді. Әкімге рахмет келгеніне, Алматыдағыдай келмей, орынан “маски-шоу“ жібере салса да болар еді, бәрін қуып, қамап, алайда Ғабидолла Әбдірахымов азаматтығын көрсетті. Кезінде 1986 жылы, желтоқсан айында Алматыда алаңға жиналған студенттер бұдан қиын, бұдан қатаң режим кезінде қорықпай шыққан, айтайын дегенім бейбіт митингтен қорықпау керек. Ал кейбір “ойбай бәрімізді қамайды“, “ертең сирияукраинақырғызстан сияқты болып кетеміз“ деп байбалам салатындарға жалынды сәлем!
Hide player controls
Hide resume playing