Талай күндер, “гүлім” сені көрмегелі, Келбетіңе тамсанып, сезім-ойға ермегелі. Сағындым ғой шын сағындым жаным сені, Сағынармысың, «арманым», сен де мені??? Айлар-жылдар, сені «гүлім» көре алмадым, Суретіңе қарауменен, Өзімді-өзім мен алдадым. Гүлім менің, саған қолым жетер ме, Әлде мені күтуде ме, Махаббат-азап, алда мұң??? Мен алдандым, суретіңе қарауменен, Сенсіз өткен, әр сағатты санауменен. «Махаббат, арманың-кім?»-десе біреу, «Аппақ, гүлім-арманым, өзің»-дер ем... «Гүлім» мәңгі, жүрегімде қаласың, Өзің жоқта күңіренер, Ұлықбек-ғашық бала шын... «Гүлім»-мәңгі, арманымсың сен менің, Жүрегімде, «аппақ гүлім», өзің ғана дарасың... «Гүлім»-мәңгі жүрегімде қаласың, Көңілімді баурап алып барасың... Шіркін-ай, мен аңсаған күн туар ма, Ұлым сені, деп жүрсе ғой «анашым»!!!
Hide player controls
Hide resume playing