Алмас Өтешовтің ел спорты тарихында өшпес із қалдырғаны еш дау туғызбаса керек. Ол ауыр атлетиканы серік еткен қандастарымыздың арасынан алғашқы болып әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді. Ол – Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болған тұңғыш қазақ зілтеміршісі. Ол – жастар арасында Азия чемпионы атағына қол жеткізген алғашқы қандасымыз. Осылай тізбектей берсек, Сыр бойында туып-өскен саңлақтың бұл салада бағындырған белестері орасан екеніне анық көз жеткізуге болады. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Екпінді елді мекенінде дүниеге келген Алмас Өтешовтің спорттық мансабы қазақ күресінен басталды. Өз құрыптас балалармен алысып-жұлысып жүріп, төл өнеріміздің қыр-сырын біраз меңгерді. 2002 жылы облыс орталығына келіп, спорт мектебіне оқуға түсті. Бірақ ол жерде қазақ күресі үйірмесі болмағандықтан, еріксіз ауыр атлетиканы таңдауына тура келді. Асқар Меңдияров пен Ғалым Сиқымов сынды жас мамандардан тәлім-тәрбие алған тастүлек шеберлігі шындала келе, талай таланттың томағасын сыпырған даңқты бапкер Вилорий Пактың қол астына өтті. Сол кезден бастап Қызылорда облысы денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаев мырза дарынды жасты өз қамқорлығына алды. Ғалым Сүлейменнің осы мақаласын толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз:
Hide player controls
Hide resume playing