Myvideo

Guest

Login

Нр, 6 жас : мені жылдар бойы зорлады

Uploaded By: Myvideo
322 views
0
0 votes
0

Біздің парақша: Instagram: Бала денесінің қауіпсіздігін сақтайтын 9 ереже Балаға өз өміріңіз жайында жиі айтыңыз. Оның жеке өміріне қызығушылық білдіріңіз. Кез-келген оқиғамен сізбен бөлісе алатынын білсін. Егер балаңыз сізге өз қиындықтары жайында айтар болса, болмашы нәрсе болса да назар аударыңыз, қолдау білдіріңіз. 1.Іш киім ережесі. Іш киім жасыратын дене мүшелеріне ешкім қол тигізуге құқы жоқ екенін түсіндіріңіз. Тек бала денсаулығын/гигиена сақтау мақсатында ата-ана немесе дәрігер тексеру жүргізе алады. Әрі оны жасырып қалуға болмайды. 2.Жеке кеңістік/шекара Баланың қалауынсыз оны күштеп сүюге, құшақтауға, қытықтауға болмайды. Физикалық зардап келтіретін жаза түрлері де бала құқығын аяққа таптау болып саналады. 3.«Жоқ!» деп айту құқығы. Балаға ұнамсыз заттар мен әрекеттерге наразылығын білдіруге рұқсат етіңіз. Өзіңізге де ұнамсыз әрекеттерге «Жоқ» деп айта біліңіз. Күдік тудыратын жағдайларда бас тартып, қауіпті орыннан неғұрлым тезірек кетуді, ересектерге дереу арада жеткізуді үйретіңіз. 4.Дене мүшелері Балаңызбен бірге дене мүшелерін атауын үйретіңіз (жыныс мүшелерін қоса алғанда). Жыныстық тәрбие беріп, дене мүшелерінің қауіпсіздігі жайында ашық айта біліңіз. Баладан ештеңе жасырып қалуға тырыспаңыз. 5.Жаман құпиялар Ойға алған кезде жүрегіңіз дүрсілдеп, бойыңызды үрей билейтін құпиялар жайында ата-анамен бөлісу керектігін балаңызға түсіндіріңіз. Сізге айтқан жағдайда жазаланбайтынын, керісінше, қолдауға ие болатынын дәлелдеңіз. 6.Қауіпсіз жанасулар Кей кезде ересектер тарапынан қауіпсіз, ауыртусыз жанасулар болатынын ескертіңіз. Мысалы, амандасқанда қол ұстау, құшақтау. Алайда, кім болсада мамасы жоқ кезде, денесің ұстап, жыныстық мүшелеріңе тиген жағдайда сізбен бөлісуге болатынын айтыңыз. Ересек адамның жыныс мүшелерің көрсетіп/ұстатуы дұрыс жаман іс екенің айтыңыз. 7.Көмек сұрау- қалыпты жағдай Балаңызға кез-келген түсініксіз жағдайда ересектердің көмегіне жүгіне алатынын түсіндіріңіз. Бірге отырып балаңыздың сізге сенгендей сенім арта алатын 3 ересек адамды таңдаңыз. Сіз жанында болмаған жағдайда сол жандардан көмек сұрай алатынын айтыңыз. 8.Сыйластық Өзін-өзі қорғаудың басты маңызды факторларының бірі- өз құқығын білу, өзіне деген сенім. Ал бұған көп жағдайда ата-ананың әсері зор. Баланызға тұлға ретінде құрметтеніз. 9.Ата-ананың назары Жұмыс бастылығыңызға қарамастан сәбиіңіз үшін үнемі қамқор, қай уақытта да тыңдауға дайын, көмекке әзер ата-ана болыңыз. Балаңыз соны сезіну керек. Осы ережелерді орындай отырып, сіз өз балаңызды сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерінен қорғап қана қоймай, отбасыңыздағы силастық, сенім мен сүйіспеншілікті сақтай аласыз. Сондай-ақ, өз құқықтарын білетін, өзгенің де жеке кеңістігіне қол сұқпайтын азамат тәрбиелейсіз

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later