Ал, сайлау өтіп кеткенімен, оның дауы әлі басылған жоқ. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласындағы № 177-ші сайлау участкесінде жергілікті мәслихатқа сайланған депутаттың жеңісін санақ жүргізген участке басшысы комиссия мүшелері мен бақылаушылардан жасырып, облыс орталығынан арнайы полиция жасағымен бюллетендерді сыртқа алып шыққан. Бұл әрекетке наразы болғандар шу көтерген. Таңғы төртке дейін сайлау қорытындысы жарияланбастан, мүдделі топ санақты басқа жерде жүргізді деп отыр шағымданушылар.
Hide player controls
Hide resume playing