Ал, Таразда жол ақысын төлегісі келмеген ер адамдар такси жүргізушісін соққыға жықты. Оқиға сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Адам жүрмейтін қараңғы көшеде көліктен түскен жолаушылар қашып кетуді көздепті. Алайда тізгінші ақысын сұраған сәтте оны аяусыз сабап, бірі спорттық құралмен, екіншісі оны жұдырықпен ұрған. Содан ер адамның ұялы телефонын тартып алып, оқиға орнынан іздерін суытқан. Полицейлер күдіктілерді бір тәуліктің ішінде қолға түсірді. Белгілісі, біреуі бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін істі болған. Сезіктілер мүлкі тәркіленіп, 3-тен 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing