Алматыдағы Алатау ауданының экс-әкімі қамауға алынды. Әлеуметтік желіде шенеунікті ұстау кезіндегі видео тарауда. Жемқорлыққа қарсы агенттіктің хабарлауынша “аудан басшысы мен оның орынбасары бюджет қаржысын талан-таражға салды“ деген күдікке ілінген. Бұл қаражат “аймақтарды дамыту“ мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген екен. Сондай-ақ әкімнің орынбасары “мердігер ұйымға қамқорлық көрсеткені үшін пара алды“ деп айыпталып отыр. Қазір күдіктілер уақытша қамау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Соттың мәліметінше күдікке ілінген шенеуніктің есімі Шахмерден Рыспаев. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing