#КТКжаңалықтары Шымкенттегі әскери бөлімнен қашқан сарбаздан 60-қа жуық қару-жарақ тәркіленді. Екі тапаншаны ол 120 мыңға сатып үлгеріпті. Әскери қызметкердің ұрлыққа жалғыз бармағаны да әшкереленді. Әрі жымысқы ойын бір ай бойы іске асырған екен. Қазір Абылай Балғынбай мен сыбайластары және әскери бөлімнің басқа да қызметкерлері қамауда. Әскери бөлімдегі қару-жарақ ұрлығына қатысты Ішкі істер министрлігі таратқан соңғы мәліметтерге құлақ түрсек. #Шымкент #сарбаз #қару
Hide player controls
Hide resume playing