Әр жыл тағат таппай күтетін сайыстардың бірі – “АЭжБУ Сұлтанының” болуына бір аптадай уақыт қалды. 11 қараша қазылар алқасымен біріге отырып, сіздер мен біздер АЭжБУ Сұлтанын анықтайтын боламыз. Ал әзірше, олармен таныса берейік. Жігіттер ішіндегі ең үлкенінен бастасақ, Электроэнергетика факультетінің 3 курс студенті - Солтанғазин Әділет, 21 жаста. Сонау әдебиетіміздің астанасы – Семей өңірінен. Жігітке жеті өнер аз демекші, ән айтып, би билеп, кейде ұлттық арналарда да актерлік шеберлігін ұштап жүрген сыңайлы. Оған қоса, күнделікті шынықтыру залына барып тұратын бұл жігіттің, алдына қойған мақсаттарына жету ынтасы зор. Басты арманы – мықты актер болу. (Шынында да АЭжБУ сахнасында бізді талай таңқалдырған еді). Өзінің басты қасиеттер қатарына пунктуалдылық қосып, бірақ ерте тұра алмаймын деген Әділетке шың жүректен бас жүлдені женуіне тілектеспін.
Hide player controls
Hide resume playing