Myvideo

Guest

Login

Свадьба Ерлан Бакыт

Uploaded By: Myvideo
427 views
0
0 votes
0

Үйіміздің үлкенісің,әпкеміз, Сәби едік, есейіппіз сәтте біз! Көңілің бар-көк аспандай кең сенің, Жан-жүрегің шалқып жатқан ақ теңіз... Ару қыз ең, аялаған ата-анаң, Дос жараның ең жақыны атаған! Өмір жолың тек шаттыққа бастасын, Үлкендерден келген, тілек-батадан! Енді сенде өзге жаз бен өзге күз, Қызыл гүлдей құлпырыппыз лезде біз! Аққу құстай аппақ болған өзіңді Алақанға салып өтсін жездеміз! Тағдыр қостың сен өзіңе тең жанмен, Әр таңдарың шуақтансын енді әнмен! Қуаныш пен той-думаннан көз ашпай, Ұзақ ғұмыр кешіңдерші Ерланмен! Жарық таңда шаттанбасақ бір айып, Жаратқаннан тек жақсылық сұрайық! Бақыт құсы бастарыңнан кетпесін, Бақыт деген есіміңе лайық! Өткен күнді көрсем егер санап мен, Талай арман, мақсат болды, талап пен! Бұл өмірде өзіме не тілесем, Саған соны тілейінші жан әпкем! Тілеймін мен ақ шуақты таң нұрын, Жаратушы бақытты етсін әр күнін! Мен тілеймін осы күні сендерге- Бақыт шатттық қуаныштың барлығын!

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later