35 жастағы жүргізуші жалған куәлікпен жолаушыларды бір жыл көлемінде тасымалдап келген. Заңбұзушылық “Автобус“ алдын-алу іс-шарасының барысында анықталды. Қоғамдық көлік жүргізушісі ұсынған куәлік базадан табылмапты. Жолаушылар көлігі айып тұрағына қойылды. Ал жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР Кодексінің 612-бабы бойынша хаттама толтырылды. Заңбұзушы 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.
Hide player controls
Hide resume playing