2018 жылғы 15 тамызда, сағат -де М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Кеңес Одағының Батыры, академик, педагог, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин шығармаларының 11 томдық жинағының тұсаукесер рәсімі өтеді. Оның негізін бұған дейін жарияланған ғылыми, этнопедагогикалық мақалалар, академиктің очерктері, сондай-ақ облыстық М.Ғабдуллин музейі қызметкерлерінің көп жылдық ғылыми-зерттеу еңбектері құрады. Іс-шараға Мәлік Ғабдуллиннің туыстары: Майдан Мәлікқызы Үсенова, күйеу баласы Алмасбек Садықұлы Үсенов, немересі Мәдина Алмасбекқызы Бәтпенова, жиені Батырбек Мұқашұлы Ахметов әйелі Мәнсия Ерғалиқызы, М.Ғабдуллинің туысы Сәкен Бекенов, ғалымдар, педагогтың тәрбиеленушілері, батыр туған Зеренді ауданы Қойсалған ауылының тумалары қатысады.
Hide player controls
Hide resume playing