Кепілдік жарна қайтарылмаса, не істеу керек? Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 338-3-бабының 1-тармағына сәйкес, кепілдік жарна деп кепілдік жарна төлеушінің кепілдік жарна алушыға сауда немесе басқа міндеттемені орындау кезінде шарт жасасу міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін аударған ақша мөлшері болып танылады. Ал АК-ның 338-4-бабының 2-тармағына сәйкес, егер кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттеме кепілдік жарнаны алушының кінәсінен орындалмаса, не тараптардың келісімі бойынша осы міндеттеме тоқтатылса немесе олардың кінәсінен орындау мүмкін еместігіне байланысты кепілдік жарна қайтарылуға жатады. Осы мәселені сотқа дейінгі тәртіпте шешу үшін «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 42-4-бабын ұстануға және жарна қалдырған жеріңізге талап-арызбен жүгінуге кеңес береміз. Сатушыға шағым жіберген кезде сіз барлық ақпаратты көрсетуіңіз керек. Ақша күнтізбелік он күн ішінде қайтарылмаған жағдайда Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне аласыздар.
Hide player controls
Hide resume playing