Саяси ахуал ушығып тұрған Қырғызстанда қазақстандық инвесторларға тиесілі кәсіпорындарға шабуыл жасалған. Бұл жөнінде еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Өндіріс орындарын бұзақылар басып алмақ болыпты. Қызметкерлерге күш көрсетіп, ондағы мүліктерді қиратуға тырысқан. Осыған байланысты біздің сыртқы саяст ведомствосы алаңдаушылық білдірді. Және қырғыз тарапын Қазақстан азаматтары мен Қырғызстан аумағындағы қазақстандық компаниялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дереу шаралар қабылдауға шақырды. Ресми мәліметке сүйенсек, қазақстандық компаниялар соңғы жылдары Қырғызстан экономикасына 1 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция құйып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing