Талдықорғанда озат шопан атанған кейуана сайлауға үйінен дауыс берді. Алматы облысының Сарқан ауданындағы Шора Қаниева үйінен дауыс беру туралы өтініш жасаған. Жасы 80-ге таяп қалған кейуана сайлау бұған дейінгі бірде-бір саяси науқаннан қалыс қалмағанын айтты. Шора Қаниева, зейнеткер: – Сайлаудан Қазақстанның өркендеуін күтемін. Мына жастарға жұмыс болып, Қазақстанымызды гүлдендірсе, дендері сау болса, одан артық бізге не керек? Содан басқа бізде ешқандай тілек жоқ.
Hide player controls
Hide resume playing