??Доминикана елінен сезімге толы шығарылымды қабыл алыңыздар! Момыхан әже ғажайыпты көрді! Ол алғаш рет китке жақындап, балаша қуанды. Ал, біз әжемізбен бірге қуандық. Кейін, Доминикананың ең қорқынышты және зұлым - “Шайтан аузы“ деген атпен белгігі жеріне бардық. Қорқынышты ма? Бірақ, біздің әже мүлдем қорыққан жоқ! Ол саяхаттың соңына қарай Христофор Колумбқа алғысын жаудырды. Әжеміз соның арқасында “Жаңа әлемді“ көрдім деп шешкен болар. Ары қарай не? Ал, ары қарай сары шабадан, ұшақ және көптен күткен кездесу. Әрине отбасымен.? Сүйікті жарын күткен атамыздың кездесу сәтіндегі көзінің қалай жанғанын байқасаңыздар ғой. Оны мен не үшін айтып отырмын? Бұрын бәрін айтқанша, өз көздеріңізбен көріңіздер! Ендеше, тез-тез өтіп, жаңа шығарылымды тамашалаймыз!
Hide player controls
Hide resume playing