*** Өткен күннен сезiлмесе ащы леп, Сенемiз бе, ұлттан мұң-зар қашты деп? Сорымыз ба, намыссыз бен ұлтсызды Бiзде қазiр жазалайтын басшы жоқ. Сараптасақ ұлт пен ұлтсыз қырқысын, Қандай iске бармады жұрт құлқы үшiн? Бiрақ ана тiлдi сақтау бас мiндет -- Тiлден үлкен Отан болмас ұлт үшiн. Намыссыз ел айналмай ма сорлыға? Қайсар басшы өнегесiн қор қыла Өз ұлтына тас атқандар шалқып жүр Абақтыға жабылудың орнына.
Hide player controls
Hide resume playing