ҚР БжҒМ мен Beeline Қазақстан меморандумға қол қойды. Енді «Күнделік» қосымшасына трафик шығындалмайды. Құрметті педагогтар мен ата-аналар! 2019 жылы 29 наурызда ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Beeline Қазақстан өзара меморандумға қол қойды. Құжат: Білім беру жобалары мен индустриалды-инновациялық даму саласындағы әріптестік; Цифрландыру мен технологиялық шешімдер; Білім беру жүйесі үшін арнайы тариф; Бірлескен ақпараттық шараларды көздейді. Меморандум үш жылға арналған. Ары қарай созу мүмкіндігі де бар. Енді «КЛАССный» тарифі бойынша мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар Қазақстан аумағында мегабайт шығындамай-ақ электронды журнал қарай алады. Бұған дейін 24kz арнасының тілшісі Жасын Біркенов мұғалімдердің «Күнделік» толтыру үшін өз мегабайттарын шығындайтыны туралы мәселе көтерген еді. Министрлік осы проблеманы шешу үшін бар күшін салуда. Біраз уақыттан бері байланыс операторларымен келіссөздер жүрді. Beeline Қазақстан алғашқы болып арнайы тариф ұсынды. «Біз Beeline компаниясына білім беру саласын
Hide player controls
Hide resume playing