Елімізде кеше, сайлау өткен күні дүниеге келген сәбилердің кейбіріне Сайлау, Сайлаугүл және Сайлаубек деген есімдер қойылып жатыр. Мұндай дерек Алматы облысында кездесуде. 10 қаңтарда аталмыш өңірде 94 сәби туған, көбі - ұл бала. Ал Түркістан облысында 135 сәби жарық дүние есігін ашқан. Оның 63-і ұл болса, 72-і қыз бала. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш әдеттегіден екі есеге көп. Бұрын-соңды болмаған рекордтық жағдай екен. Осы күні жаңа босанған аналар мен сәбилердің денсаулықтары жақсы. ? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing