23 сәуірде Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де жыл сайынғы «Жастар Жалыны – 2018» фестивалінің ашылу салтанаты мен «Вокал» номинациясындағы алғашқы байқауы өтті. Биыл аталмыш шара елорданың 20 аясында өтіп жатыр. Шығармашыл жастар фестивалін қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин ашты. «Жастар Жалыны – 2018» – қуатты да шығармашыл жастардың басын қосатын кең ауқымды шара. Оны студенттер жыл сайын асыға күтеді. 23-30 сәуір аралығында елордадағы жоғарғы оқу орындарының мыңнан астам студенті «Вокал», «Медиа», «Халық биі», «Заманауи би», «Поэзия», «Үздік театрландырылған қойылым», «Фото» сынды он аталым бойынша бақ сынасады. Шараға елорданың 14 жоғарғы оку орындарының өкілдері қатысады. Жеңімпаздардың есімдері 30 сәуірде Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін фестивальдің гала-концертінде белгілі болады.
Hide player controls
Hide resume playing