Алматыдағы Медеу ауданынының тұрғындарын талай жылдан бері мазалаған мәселе оң шешімін тапты. Осы аудандағы 89 үй жардың астында орналасқан. Сондықтан, жергілікті жұрт үшін бұл аймақ қатер тудырған еді. Енді баспаналарға төнген қауіп жоқ. Үш айдың ішінде сол жердің айналасына тірек қабырға қаланды. Оның құрылысына аудан бюджетінен 480 миллион теңге бөлінген. Іргенің ұзындығы - 580 метр. #Ақпарат #Qazaqstan #qaztrk #ҰлттықАрна #qaztv #Алматы #Медеу
Hide player controls
Hide resume playing