Myvideo

Guest

Login

150 теге шін автобус жргізушісін рандар сталды

Uploaded By: Myvideo
40 views
0
0 votes
0

Алматы облысында 150 теңге үшін автобус жүргізушісін ұрып-соққандар ұсталды. Тексеріс барысында анықталғандай, жанжал жолаушы мен жүргізуші арасында шыққан. Қоғамдық көліктің камерасына түсіп қалған видеоға қарағанда, екі ер адам сөзге келісе алмай қалып, соңы төбелеске ұласқан. Кейін жолаушы ұлына хабарласыпты. Досымен бірге келген ол тізгіншіні бірнеше рет ұрған. Күдіктілер Талғар ауданына қарасты Нұра ауылының тұрғындары, яғни жолаушының 28 жастағы ұлы және оның  21 жастағы досы болып шықты. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, автобус жүргізушісі жеңіл жарақат алған. Әкімшілік кодекс бойынша іс қозғалып, нақты шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Еске салайық, оқиға 20-шы желтоқсанда Іле ауданындағы Жетіген ауылында болған. Ұсталғандар қоғамдық көлік жүргізушісінен кешірім сұрады. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later