بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ تَبَّتْ يَدَا أَبِي لَهَبٍ وَتَبَّ ﴿١﴾ مَا أَغْنَىٰ عَنْهُ مَالُهُ وَمَا كَسَبَ ﴿٢﴾ سَيَصْلَىٰ نَارًا ذَاتَ لَهَبٍ ﴿٣﴾ وَامْرَأَتُهُ حَمَّالَةَ الْحَطَبِ ﴿٤﴾ فِي جِيدِهَا حَبْلٌ مِّن مَّسَدٍ ﴿٥﴾ Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Әбу Ләһаптің екі қолы құрысын! Құрыды да. (1) Оның малы да кәсібі де өзіне пайда бермеді. (2) Ол, жалындаған отқа кіреді. (3) Әйелі, отын көтеріп кіреді. (4) Оның мойнында есілген арқан болады. (5) Әбу Лахаб («Жалынның әкесі», «Жалындаған») - Мұхаммедтің (с.а.у.) атасы және Меккеде Пайғамбарға қас жау болған Абд әл-Узз б. Абд әл-Муттәліптің жалған есімі. Әуелгі кезде Мұхаммедпен (с.а.у.) жақсы қарым-катынаста болған, оның ұлдары Пайғамбарлық (с.а.у.) қыздарына үйленген. Әбу Лахаб Бадр маңындағы ұрыс болған жылы дүние салды, бірақ ол ұрысқа қатысқан жоқ. Мұхаммедтің (с.а.у.) дұшпандарының ішінде Құранда Әбу Лахабтың есімі ғана аталған. Оған әдейі арналған 3 сүреде Әбу Лахабты қарғайды. Мұхаммед (с. а. у.) туралы мұсылман аңызында Әбу Лахабты ең басты жағымсыз кейіпкер ертіп көрсетеді. Мұхаммедтің (с.а.у.) ілімін ең алғаш келеке еткен, әйелі екеуі Мұхаммедтің жүретін жолына неше түрлі лас заттар мен тікенектер лақтырып, Пайғамбарға (с.а.у.) шексіз қастандық жасаған деген айыптаулар осы Әбу Лахабқа танылады. 3 сүренің түсіндірмесінде шыққан тамұқ отына өртеніп жатқан Әбу Лахаб және «тамұқтың өртіне отын тасып жүрген» оның әйелінің образы кең тараған.[1]
Hide player controls
Hide resume playing