Myvideo

Guest

Login

Шанышылы Бердіожа кесенесі. Mausoleum of Shanyshkyly Berdykozha. Мавзолей Шанышкылы Бердикожи

Uploaded By: Myvideo
1 view
0
0 votes
0

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Темірші ауылынан шығысқа қарай 38 шақырым жерде орналасқан. Қабырғалары тікбұрышты қам кірпіштерді екі қатар етіп, жалпағынан жатқызылып қаланған. Кірпіштерінің арасы қиыршық тас араласқан өзен балшығымен дәнекерленген. Қабырғаларының астыңғы жағына оны нығайту үшін ірі қойтастар қойылған. Есік орналасқан қасбеті оңтүстік- батысқа қараған. Ғимаратқа кіреберісте шағын бөлме бар. Кесененің едені әк араласқан сылақпен сыланған. Кесененің орта тұсында қам кірпіштерден қаланған трапеция тәріздес қабір үсті құрылысы орналасқан. Бердіқожа батыр Ұлы жүздің Шанышқылы руынан шыққан. Мәшһүр-Жүсіп батырға «Шанышқылы Бердіқожа – Абылай заманындағы ең атақты, ең сенімді батырлардың бірі» деген баға береді. Бердіқожа батыр XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы көптеген шайқастарда қол бастап, жеңістерге жеткен. Оның жасаған ерліктері «Бердіқожа батыр» жырында айтылады. Бердіқожа батырлықпен қатар, дипломатиялық келіссөздерге де қатысқан. Оның есімі Қытай және Ресей жылнамаларында аталады. Бердіқожа батыр қазақ-қырғыз қатынастарын реттеуге белсене араласып, кезекті бір әскери жорықта ерлікпен қаза табады. 2011 жылғы Бердіқожа батырдың сүйегі қазып алынып, Ресейдегі Этнология және антропология институтының зертханасына жіберіледі. Зерттеу нәтижесінде ғалымдар Бердіқожа батырдың бет келбетін қайтадан қалпына келтіріп, дене сүйектерінің сипаттамасын жасап шығарды. Бердіқожа батыр кесенесі зиярат ету және туризм нысаны. -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Located 38 km east of the village of Temirshi in Karkaraly district of Karaganda region. The walls are composed of two rows of rectangular raw bricks, interconnected with a solution of river mud and gravel. At the bottom of the walls are large boulders. The facade is facing and directed to the southwest. At the entrance to the building, there is a small room. The floor of the mausoleum is faced with lime. In the middle of the mausoleum, there is a trapezoidal tombstone made of mud bricks. Berdykozha Batyr is a native of the Shanyshkyly tribe of the elder zhuz. In turn, Mashhur Zhusup called him «one of the most reliable and famous batyrs of the Abylay era». Batyr Shanyshkyly Berdykozha took an active part in all the major battles of Kazakhs with the Dzungars in the 18th century. His exploits are spoken in the poem «Berdykozha Batyr». Along with heroism, Berdykozha participated in diplomatic negotiations. His name is mentioned in the annals of China and Russia. Berdykozha Batyr was actively involved in the process of resolving Kazakh-Kyrgyz relations, and in the next military campaign, he died the death of a brave man. In 2011, the remains of the body from the tomb of Berdykozh Batyr were sent to the laboratory of the Institute of Ethnology and Anthropology of Russia. As a result of research, scientists recreated the appearance of Berdykozh Batyr and characterized his physical data. Today the mausoleum of Berdykozha Batyr is a sacred place for pilgrimage and a tourist attraction. -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Находится в 38 км к востоку от села Темирши Каркаралинского района Карагандинской области. Стены сложены из двух рядов прямоугольных сырцовых кирпичей, объединенных между собой раствором из речной грязи и щебня. В нижней части стен расположены большие валуны. Фасад обращен и направлен на юго-запад. У входа в здание есть небольшая комната.Пол мавзолея облицован известью. В середине мавзолея расположен трапецеидальный надгробный камень, сложенный из сырцовых кирпичей. Бердикожа батыр выходец из рода шанышкылы Старшего жуза. В свою очередь, Машхүр Жусуп назвал его «одним из самых надежных и известных батыров в эпоху Абылая». Шанышкылы Бердикожа батыр принимал самое деятельное участие во всех крупных битвах казахов с жонгарами в XVIII веке. О его подвигах говорится в поэме «Бердикожа батыр». Наряду с батырством, Бердикожа также участвовал и в дипломатических переговорах. Его имя упоминается в летописях Китая и России. Бердикожа батыр был активно вовлечен в процесс урегулирования казахско-киргизских отношений, и на очередной из военных кампании пал смертью храбреца. В 2011 году останки тела из гробницы Бердикожа батыра были отправлены в лабораторию Института этнологии и антропологии России. В результате исследований ученые воссоздали облик Бердикожа батыра и охарактеризовали его физические данные. Сегодня мавзолей Бердикожа батыра является священным местом паломничества и туристическим объектом.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later