Кешелі бері қырғыз елінен суыт хабарлар келіп жатыр. Бұрынғы Президент Атамбаев пен қазіргі билік арасы ушығып барады. Атыс болды. Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын Қырғыз Прокуратурасы бұрынғы президенттің алты қылмысқа қатысы барын мәлімдеген еді. Іле-шала Жогорку Кенеш Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдады. Полиция үш рет тергеуге шақырғанда да бармаған Атамбаевты кеше арнайы жасақ тұтқындау үшін Қой-Ташыдағы үйіне басып кірген еді. Алайда экс-президенттің жақтастары “спецназдарға“ қарсылық танытып, оқ жаудырған. Кісі өлімі бар. Жараланғандар біршама. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing