Myvideo

Guest

Login

Мсылмана арын салу тыйым салынан

Uploaded By: Myvideo
4 views
0
0 votes
0

✅ ҚАРЫН САЛУҒА ТЫЙЫМ Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен үмметім үшін келесі кемшіліктерден қорқамын: үлкен қарын, ұзақ ұйқы, жалқаулық және иманның әлсіздігі», - деп айтқан (әд-Дәйләми №1/1/88). Ескерту: кейбір ғалымдар хадистың иснәді әлсіз дейді. Жалпы Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сипаты туралы оқитын болсақ, ол өте жинақы адам болған. Өзінің сыртқы көрінісіне қарап жүретін болған. Арық та емес, семіз де емес, орташа дене бітімді болған. Үлкен қарын салмаған. “Мықты мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда Аллаға жағымдырақ. Алайда екеуінде де береке бар“ деген сахих хадисте бар. Жүгіру, жүзу, садақ ату, атта шабу, найза лақтыру секілді істер өсиет етілген. Спортпен шұғылдану бұл сүннеттік амал. Адамның жасы келген сайын қарын салу әдеті кең таралған. Әсіресе еркектер қауымы. Сол себепті көбірек жүгіріп, секіргішпен секіріп, пресске көп жаттығу жасау керек. Мен өзім дәл осы мәселеге қатты көңіл бөлемін. Мысалы пресс жасау өте көп энергия талап етеді. Кейде тым жалықтырып жіберетіні бар. Ұсақ-түйек жұмыс секілді жүйкеге әсер етеді. Сондықтан әуелі прессті жасаймын, сосын барып басқа ауыр жаттығуларға ауысамын. Егер соңында жасасам ынтам кетіп қалады.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later