Қызым менің қызғалдағым, тұңғышым, Бойжетіп сен келесің міне, жұлдызым, Денсаулығың мықты болсын, жүрегім, Орындалсын арман - ойың, тілегің. Қызым менің қызғалдағым, шырайлым, Саған бақыт жаратқаннан сұраймын. Иман нұры жүрегіңді толтырып, Тура жолмен жүре бергің, арайлым. Күн нұрындай жайнай берші, жарқыным, Қуанышқа толы болсын əр күнің. Денсаулығың мықты болып, ауырмай, Аман - есен көз алдымда жүре берші, алтыным. Қабыл етіп Аллам осы дұғамды, Ұзақ болсын ғұмырың əрі мəнді, Жақсы оқы сабағыңды, озат бол, Ата - анаңнның саған деген тілегі сол.
Hide player controls
Hide resume playing