Бұл заманда не ғаріп Төресі семіз, елі арық. Шектен шыққан шенеунік, Шекпен киіп шен алып, Швейцарияда демалып. Атасының малындай, Қазынадан жеп алып. Креслоны басып жамбасқа, Ұйықтап отыр тері ағып. Қара жерді кескілеп, Қара қытай жер алып. Сүйегін қазып атамның, Кеміріп жатыр кен алып. Астанам жайнап тұрғанмен, Ауылымызды сел алып. Суға кетті жиғаны, Жыртық үйін жел алып. Кәрі кемпір зарлайды Көзінің жасын сора ғып Мұңаяды қара шал, Майданнан аман оралып. Қалаға кеткен қазақтың, Ар-намысы тоналып. Ата дін, ана тіл өлді, Атан түйенің қомы ауып. Бір қазаққа-бір қазақ, Жүгіріп жүр оқ алып. Сырын бермейтін жігіттер, Сырға тағуды мода ғып. Гей клубта жүр біразы, Орамалын оранып. Қыздарым кетті шетелге, Жат күйеу балаң төр алып. Болашағымыз бұлыңғыр, Көрешегіміз көр анық. Бір күні Жердің бетінен, Кетпесек болды жоғалып... // Аспанбек Шұғатаев
Hide player controls
Hide resume playing