Қарақшылар түн жамылып өзгенің мүлкін қолды етпек болған. Алайда шұғыл нұсқаумен жеткен құқық қорғаушының қолына түседі. Жас жігіт қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қолданып, қылмыскерлерді түгел қолға түсірген. Бүгінгінің батырымен өңірдегі тілшіміз Талғат Исламұлы кездесіп қайтты. Біз тұрған жерде бірер ай бұрын қылмыс жасалған. Қарақшылар кеңсенің темір торлы терезесін бұзып кіреді. Мұнай компанияларына сервистік қызмет көрсетер мекеме мүлкін арқалап, сыртқы есіктен шығып кетпек болады. Алайда оқиға орнына шұғыл жеткен полицей ұрылар ойын іске асырмай тастайды. Бұл іске қатысты күдіктілер бүгінде заң алдында жауап беруде. Әли Ұзақбаев, жергілікті полиция қызметінің инспекторы -Полиция қызметкері болу – арманым еді. Қазіргі таңда жұмыс жасап жатырмын. Біздің міндетіміз – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жол ережелерін бұздырмай, көлік оқиғаларының алдын алу. Әли Ұзақбаев – 24 жаста. Қызылтөбе ауылында дүниеге келген ол жастайынан спортқа бейім. Мектептен соң өз еркімен әскерге алынып, борышын әуеден
Hide player controls
Hide resume playing