Таразда бір әйелді өлтіріп, екіншісін ауыр жаралап кеткен күдікті ұсталды. 42 жастағы ер адам үйіне келген кезде пышақ жарақатын алған анасы мен жұбайын көріп, бірден полиция мен жедел жәрдем шақыртыпты. Оқиға орнына келген дәрігерлер келіншектің көз жұмғанын анықтаған, ал көмекке жүгінген азаматтың анасы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Ұсталған қаскөй кінәсін мойындаған. Ол бұрын кісі өлтіріп, зорлағаны үшін сотты болған екен. Қаскүнемнің сөзінше, ол қос әйелмен бірге спирттік ішімдік ішіп, артынан жанжал туындаған. Соның салдарынан ол екеуін де пышақтап тастапты. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing