«Мен түс көрдім.. Өз ажалымды көрдім...Сондай-ақ, кесілген жүзі таныс көптеген басты көрдім. Оларды найзаға түйреп, бас базардың ортасына қойыпты... Менің басым Қоқанд ханына бұйырмапты. Менің басымды Николай патшаның өзіне жеткізу үшін алып бара жатыр екен. Оны Қысқы сарайға қоймақшы екен.... Ол басты көптеген адамның тамашалағанын және «бұл бас кімдікі? деп айтысып жатқанын көрдім. Біреулері дала қарақшысының басы десе, екіншісі халық көсемінің басы, ал үшіншісі таққа таласқан Абылай немересінің басы деп өз болжамдарын айтып жатты». Ілияс Есенберлиннің «Хан Кене» кітабынан үзінді Әрине, бұл аңыз. Ханның өлімі, жалпы оның өмірі туралы әфсана көп. Бірақ ең құпия сақталып келгені - хан сүйегінің қайда жерленгені. Арада қаншама уақыт өтсе де, бұл оқиғаның құпиясы әлі шешілмеген. Дегенмен, бастапқыда барлық жол Омбыға апарады.
Hide player controls
Hide resume playing