Myvideo

Guest

Login

Елдегі эпидахуал нашарлап барады

Uploaded By: Myvideo
1 view
0
0 votes
0

Елімізде эпидемиологиялық ахуал қайтадан нашарлап барады. Бұл туралы Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір ауруханаларда коронавирус жұқтырған 5 732 науқас ем алуда. Оның 357-сі жансақтау бөлімшелерінде жатыр екен. Ал, жасыл аймақта тұрған Қазақстан қайтадан “сары аймаққа“ өтіп кетіпті. Мұнда қазір Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстары бар. Ал, “Қызыл“ аймаққа - Қостанай мен Ақмола облыстары кірген. Қалған өңірлер “жасыл“ аймақта. Бас санитардың айтуынша, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы белгіленген алдын ала шаралардың сақталмағанын көрсетеді. Сондықтан, Бас мемлекеттік санитар дәрігер отандастарымызға қонаққа бармауға, қонақ шақырмауға, карантин талаптарын қатаң сақтауға кеңес береді. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later