Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Басқарма төрағасы-Ректоры Ж.Қ. Түймебаевтың қолдауымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Сұңқар” студенттер мен магистранттар кәсіподағының онлайн форматта ұйымдастырылған «Ең үздік эдвайзер-2021» және «Ең үздік студенттік топ-2021» сайыстары өз мәресіне жетті. Байқаудың негізгі мақсаты: - Студенттік өзін-өзі басқару органдары жұмысының деңгейін көтеру; - Университет өмірінде студенттік өзін-өзі басқару беделінің рөлін көтеру; - Студенттің жеке және шығармашылық жұмысына талпынуға дайындау; - Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда студенттік топтың жұмысын көтеру; - Студенттердің ұжымдық жауапкершілік сезімін бекіту және қалыптастыру; - ҚазҰУ-дың үздік дәстүрлерін сақтау және жаңғырту. Сайыс 4 кезеңмен өтті: 1. Таныстыру (бейнеролик түрінде) 15-20 сәуір 2. Интеллектуалдық сайыс BRAIN RING 22-23 сәуір 3. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында, Эдвайзерлер белгілі тақырыпта тәрбие сағатын, топтар атақты тұлғалармен онлайн кездесу өткізді мамыр
Hide player controls
Hide resume playing