Коронавирус індетін алғаш рет медицина қызметкері жұқтырды. Бұл жайт Атырау облысында орын алды. 17 наурызда Алматы Атырау рейсімен ұшып келген пациенттен қан алған мейірбикенің вирус жұқтырғанын тест дәлелдеп отыр. Айтпақшы ол пациентпен 27 адам байланыста болған екен. Қазір олардың барлығы дерлік анықталып, карантинге жатқызылды. Індет таралу қарқыны қазір әлем бойынша Құрама Штаттарында тым күшті. Мәселен халық тұрғын саны ең көп Нью Йоркте әр 17 минутта бір адамнан өліп жатыр екен. Жаһанда 30 мыңнан аса адам осы бір зауалдың салдарынан бақиға аттанса, олардың 10 мыңнан астамы Италияның еншісінде. Мамандар пандемияның бәсеңдеуіне алғышарт болатын факторларды атағанымен оның аулы әзір алыс. Сондықтан эпидемияның кең етек жаюын болдырмау басты міндет. Ол билік өкілдері мен дәрігерлерге ғана емес, біз бен сізге де уәжіп. Елдегі ахуалды қысқаша бір шолып өтсек. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing