Myvideo

Guest

Login

КПБАЛАЛЫ АНАНЫ АЛДДАДЫ - Й МЕН АША СЫЙЛАДЫ!

Uploaded By: Myvideo
1 view
0
0 votes
0

Кешірім сұраймыз! Біз көпбалалы ананы екі рет алдадық. Мақсатымыз шынайы қуанышын көру еді. Бұл күтпеген тосын сый болды. Сборды тағы бір айға созамыз,- дедік. Құр қол келмедік, балаларға шоколод алып келдік,- дедік. Қораптың ішінде 2 млн.теңге бар еді. Көпбалалы ана мұны мүлдем күтпеген. Ашып қалғанда жылап жіберді. Оған баласының еміне қаражат қатты керек еді. Міне арманы орындалды. Тек сіздердің арқаларыңызда әрине. Осыған дән риза болып тұрғанда екінші тосын сыйды ұсындық. Алтын сырға салынған қорапты бердік. Құлағына тақпақ болып ашып қалғанда алтын сырғамыз үй кілітіне айналып кетті. Иә, бұл отбасы үшін баспанада басты мәселе еді. Пәтер жалдап күн кешіп келеді. Кілтті көрген ананың айғайлап жылағанын көргенде толқымау, көзге жас алмау мүмкін емес. Қуаныштың көз жасын көрудің өзі бір ғанибет қой. Оған себепкер болған айналайын ағайын өздеріңіз. Басымызды иеміз. Жасаған жақсылықтарыңыз үшін көп рахмет. Берген садақаларыңыз қабыл болып Алла сіздерге қуанышты үйіп-төгіп берсін!

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later