Myvideo

Guest

Login

Желтосан оиасы АШ кітабына еніп, лемді шарлап кетті / Аныын айтса

Uploaded By: Myvideo
1 view
0
0 votes
0

Елдің еркіндігін талап еткен қазақ жастарының Алматыдағы басты алаңға жиналуын кейінгі жас буын Желтоқсандағы бас көтеру немесе Желтоқсан оқиғасы, Желтоқсан көтерілісі деп таниды. Қазақ жастарының жыл өткен сайын тарихта қалып келе жатқан осынау ұлы да батыл қадамы жайлы шындыққа әлі толық қол жеткен жоқ деген пікір қоғамда басым. Бұған негіз бар болса керек. Сол кездегі қылышынан қан тамған коммунистік жүйенің орталықтағы және жаңадан сайланған республикалық басшылығы мен құзырлы органдары талай шындықты құпиялап қоюы әбден мүмкін. Қалай болғанда да, қазақ жастарының жалындап бас көтеруі санада қазақ халқы тәуелсіздігінің ақ таңындай болып қалды. Тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл КСРО атты алып державаның көбесі сөгілуінің басы жастардың Алматыдағы бас көтеруінен қадам алды деген пікір де бар. Себебі КСРО аумағындағы өзге бас көтеру мен жүйеге қарсылық акцияларының бәрі Алматыдағы 1986 жылдың 16-17 желтоқсанындағы көтерілісінен әлдеқайда кейін болды. Көтеріліс делінуінің себебі – талап қойып алаңға бейбіт ниетпен жиналған мыңдаған қазақ жастарын өзге республикалардан жеткізілген қарулы жендеттердің жасақтары аяусыз басып-жаншыды. Ұрып-соқты, өлтірді, аязда қала сыртына шығарып тастады. Алаңға шыққан жастардың қаншамасы сотталды, оқудан, комсомол мүшелігінен қуылды. Желтоқсан көтерілісі жайлы көп айтылады, жазылады. Сіздердің назарларыңыз үшін сәл де болса жаңаша қырынан айтуға боларлық әңгімені іздедік. Оны таптық та. авторы Нағашыбек Алдан. Telegram Qaz - Telegram Rus - Telegram Sport - Telegram Auto - Telegram Silk Way - Instagram - Instagram - Facebook - Facebook - Tik-Tok - @atamekenbusiness «Atameken Business» online: Cайт - Atameken Business Programs - #AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later