Алматыда жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті. Ауыр жарақат алған әйел адам оқиға орнында көз жұмған. Жүргізушінің айтуынша, келіншек қоғамдық көліктің алдына жүгіріп шыққандықтан ол тежеуішін басып үлгермепті. Оқыс жайт Рысқұлов пен Емцов көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, мұнда айналма жол торабы салынып жатыр. Ал оның астына жарық орнатылмаған. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақ та жоқ. Сондықтан жұрт жолдың бойымен жүріп, оны кесіп өтуге мәжбүр. Оқиғаның анық-қанығын полицейлер анықтайтын болады. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing