Бұл апта қазақстандықтар үшін жақсы жаңалықпен басталды. Төрт қабырғаға симай, карантиннен қашан шығамыз деп дегбірі қашқан жұрт үшін төтенше жағдай аяқталды деп мәлімдеді Президент! Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысын өткізіп, Үкіметтің алдағы стратегиялық іс-әрекеттерін айқындады. Қозғалған мәселе көп. Үйсізді шама келсе үйлі ету, күйсізді күйлі етудің қамы былайша айтқанда. Жә оның бәрін ай бойы айтып келеміз, апта басында елді де, ақпарат құралдарын да елең еткізген басты мәселе баспана және салықтық өзгеріс. Баспананың жайын білдік, енді соңғысына тоқталайық. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing