Астанадағы азық-түлік сатылатын «Шапағат» әлеуметтік базары үшінші мәрте сатылымға қойылады. Тиісті ақпаратты «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Нұрлан Жақыпов жария етті. Бұған дейін екі мәрте өткізілген сауда сәтсіз болған. Базардың бастапқы құны 1 млрд. 300 млн. теңге. Алғашқы сатылымда екіден кем адам қатысқан. Бұл ережеге қайшы. Келесі сатылым келер жылдың басына жоспарланып отыр. Кешеннің бір жылдағы таза табысы 80 млн. теңге.
Hide player controls
Hide resume playing