2016 жылдың 29-шы қаңтарында Атырау қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектеп қамқоршылық Кеңесінің отырысы ұйымдастырылды. Кеңес мүшелері зияткерлік оқу орынында мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалар мен стратегияның іске асырылуын талқылап, өткен оқу жылдарындағы жұмыстардың қорытындысын тыңдады. Атап айтқанда мектептегі үштілдік білім беру мәселелері, проблемалар мен даму перспективалары, оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижелері қаралды.
Hide player controls
Hide resume playing